Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Балалықтың бал күлкісіне толы мереке

Дата: 10.06.2025 Рубрика: Фантазёры
67
0
Балалықтың бал күлкісіне толы мереке
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Науырзым аудандық балалар кітапханасы кішкентай оқырмандар үшін ерекше мерекелік шара ұйымдастырды.
Орталық алаңда өткен «Балалық мәңгі күлімдесін» атты балалар думаны шаттық пен қуанышқа толы сәттерге ұласты. Шараның басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын мәнді өткізуге ықпал ету, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және өнер мен ойын арқылы олардың ой-санасын дамыту болды.
Мерекелік думан аясында «Жаз. Балалар. Кітап» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрме мазмұны балалардың сүйіп оқитын ертегілер мен әдеби кейіпкерлер негізінде безендіріліп, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Бұл – кітап әлеміне деген сүйіспеншілікті оятудың тамаша үлгісі болды.
Балаларға арналған ойындар мен сайыстар да думанның көркін қыздырды. Атап айтқанда,
– «Тапқыр интуиция» ойыны балалардың логикалық ойлауын шыңдаса,
– «Шеңберден өту» сайысы ептілік пен шапшаңдықты талап етті,
– ал «Сурет салу» байқауы кішкентай суретшілердің шығармашылық қабілетін танытты.
Одан бөлек, балалар ерекше қызығушылықпен қатысқан «Көңілді клоунмен селфи» аймағы да мерекенің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды. Түрлі-түсті шарлармен көмкерілген бұл бұрыш көңілді естеліктерге толы фотосессия алаңына айналды.
Сайыстар жеңімпаздарына тәттілер мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Әрбір бала көтеріңкі көңіл күймен, қуанышқа бөленіп, естен кетпес әсер алды. Балалар күлкісі – әлемдегі ең шынайы бақыттың көрінісі. Осындай игі шаралар арқылы балғын бүлдіршіндердің жүзінде шаттық күлкі, жүрегінде шексіз қуаныш ұялады. Бұл – кітапхана қызметкерлерінің балаларға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығының жарқын дәлелі.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!