Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қыс қызығы тамаша

Дата: 14.01.2025 Рубрика: Фантазёры
146
0
Қыс қызығы тамаша
Дәмді ауылдық кітапханасында қысқы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында «Қыстың көркін ашайық» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара кіші буын оқырмандарын біріктіріп, олардың белсенділігін арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Жаңа жылдық көңіл-күйді көтеру мен балалардың қысқы мезгілдің сұлулығын сезінуіне мүмкіндік беру – шараның басты ерекшелігі болды.
Шеберлік сағаты барысында балалар қыс айының ерекше көріністерін өз қолдарымен жасап, шығармашылық өнерге қадамдарын нығайтты. Қолөнер арқылы олар өздерінің ой-қиялдарын іске асырып, ерекше қуаныш пен шабытқа бөленді. Әсіресе, балалардың сүйікті мезгілі саналатын қыстың ғажайып көріністерін бейнелеу арқылы олардың кітапханаға деген қызығушылығы арта түсті.
Мақсаты – қысқы демалысты мазмұнды әрі қызықты етіп өткізе отырып, балаларды кітапханаға тарту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық дамуына үлес қосу.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!