«Қазақшаң қалай, балақай?»
Дата: 29.10.2024 Рубрика: Фантазёры
0
72
0
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді оқыту мәселесі өте өзекті болып келеді. Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдерінің қазақ халқының әдебиеті, салт-дәстүрлері, мәдениеті мен тілі туралы білімдері болуы тиіс.
Балаларды ерте дамыту институты Қазақстан халықтарының тілі күніне арналған «Қазақшаң қалай, балақай?» атты конкурс өткізген болатын. Конкурстың мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне оқытудың озық тәжірибесі мен заманауи инновациялық әдістерін тарату және қорыту.
Осы байқауға педагог Янчук Анна Владимировна бес жасар тәрбиеленушілерімен бірге қатысты. Анна Владимировна ұлты бойынша орыс, осыған қарамастан, Лисаков қаласының «Ивушка» бөбекжайында қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істейді. Жалпы педагогикалық өтілі-22 жыл, мектепке дейінгі білім беру саласында 17 жыл жұмыс атқарып келеді. Анна Владимировна өз сабағын жаңа тәсілдермен, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы «Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық конкурсында мұғалім бірінші орынды иеленді.
«Мемлекеттік тілді ана тілді сияқты білу әр адамның парызы», – дейді Анна Владимировна.
Комментарии