Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ғылымға жол ашқан

Дата: 22.10.2024 Рубрика: Фантазёры
332
0
 Ғылымға жол ашқан
Дәмді ауылдық кітапханасы «Мұғалім - бұл адамның ардақты аты» атты әдеби қонақжай болып өтті. Іс-шара Дәмді жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушылары, ұстаздары Тоқаева Рагүл Сүлейменқызы және қазіргі сынып жетекшісі жас ұстаз Болатова Данара Жарасқызымен бірлесе өткізілді. 
Данара Жарасқызы бастауыш мұғалімі болғаны Рагүл Сүлейменқызының талмас еңбегінің арқасы деп түсінеді жас маман. Балалардың кезектесіп қойған сұрақтарына еш қиындықсыз апайлары жауап беріп, бірге өткізген сәттерінен болған деректермен бөлісті. Оқушылары екінші аналары бола білген ұстаздарына жылы лебіздерін білдіре отыра, білімді болуға, болашақта сабақтарын жақсы оқуға уәде берді. 
Айсана Асқар, оқушы
«Ұлтымның ұлы Ұстаздары» тақырыптық кітап көрмесінде: Ұлы Абай Құнанбайұлының, оқуға жетелеген Ыбырай Алтынсариннің және Ұлт көсемі атанып кеткен Ахмет Байтұрсынұлының кітаптары оқырман назарына ұсынылды. 
Мақсаты: ұлы тұлғалар да, ғұлама ақындар да білімге деген қызығушылығын осы үлгісі мол ұстаздан алғанын еске салу.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!