«Бар бол»
Дата: 08.10.2024 Рубрика: Фантазёры
0
100
0
Жазушы Зира Наурызбай таяуда әжесі айтатын осындай ақ қарғысты есіне түсіріпті. Бұл ақ қарғысы - «бар бол».
«Бар бол»! Әжем қатты ашуланғанда осылай айтатын. Бала кезімізде бұл өте жаман балағат сөз деп ойлайтынбыз. Сіңлім бірде ойланып, «Әже, «бар бол» деген жақсы сөз ғой?» деген еді. Әжем жымиып, «Енді сендерге жаман сөзбен ұрысамын ба?» деп жауап берген. Қазақтың дәстүрлі «балағаттары» мынадай: «Өркенің өссін», «Тұқымың жайылғыр», «Жүзің әппақ болсын», - деді жазушы Instagram-парақшасында.
ұрпаққа қатысты «көбейгір», «мың болғыр», «өсіп-өнгір» деген де ақ қарғыстар бар. Мұның бәрі ашулы дауыспен айтылса да, ең ізгі тілектердің бірі.
Ата-әжелер айтатын тағы бір ақ қарғыстар - «бар болғыр», «өркенің өскір», «көп жасағыр», «намысың молайғыр!».
Комментарии