Тіл – достықтың алтын көпірі
Дата: 24.09.2024 Рубрика: Фантазёры
0
181
0
«Строительный» кітапхана-филиалы Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне орай «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты білгіштер сайысын өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдері күні болып жарияланды. Біздің полиэтникалық еліміз үшін бұл күн ерекше маңызға ие. Тілдер күні еліміздегі мәдениеттер мен тілдердің бірлігі мен алуан түрлілігінің символына айналды. Ол азаматтарымыздың бойында мемлекеттік және ана тіліне деген құрмет сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады.
Іс-шарада № 15-ші орта мектебінің 7-ші сынып оқушысы Арманбек МұхаммедӘли өз бірлігін көрсетті. Кітапханашы «Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі мен «Тіл – достықтың айнасы» атты презентация арқылы тілге деген білімділігін арттыра отырып, оқушылар екі топқа бөлініп, сайысқа түсіп білімдерін көрсетті. Сонымен қатар тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, адасқан әріптер мен жыр додасына қатысты.
Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғына отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақырды.
Сандуғаш Омарова,
кітапханашы
Комментарии