«Қазақшаң қалай, балақай»
Дата: 10.09.2024 Рубрика: Фантазёры
0
285
0
Осындай атаумен республикалық байқауының қалалық кезеңінің қорытындылары шықты. Республикалық байқау қалалық мектеп жасына дейінгі ұйымдар арасында өткен болатын. Өткізілген байқаудың мақсаты – балаларға қазақ тілін оқытуда заманауи инновациялық әдістерді қолдану.
Байқау қорытындысы бойынша өздерін жақсы қырынан көрсетіп, тілді меңгеріп алған балғындардың ұстаздары орын алды. Олардың қай-қайсысы болса да мадаққа лайықты. Бірінші орынды №16 бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Г.Қойшыбаева алды, тәрбиеші Л.Гулевич. ІІ-орын №54 бөбекжайының қазақ тілі мұғалімдері Д.Бердібекова мен А.Оспанова. ІІІ-орын №51 бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Г.Шуақпаева, музыкалық жетекшісі В.Чумерина. Сонымен қатар «Үздік мерекелік іс-шара» және «Үздік ұйымдастырылған балалар әрекеті» номинациялары бойынша №40 бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі С.Брахметова мен №9 бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі С.Итемгенова марапатталды. Тілге құрмет – елге құрмет екенін ұмытпайық.
Комментарии