Мұғалімнің жұмысын жеңілдету үшін
Дата: 20.08.2024 Рубрика: Фантазёры
0
292
0
Білім беру ұйымдарында стартаптар пәні енгізілген. Соған қарамастан стартап жобалары облысымыз үшін әлі де тың сала. Бұл бастаманы көптеген адамдар бизнеспен ғана байланыстырады. Біздің өңірде облыстық қоғамдық даму басқармасы үшінші жыл қатарынан өскелең ұрпақ арасында жобалардың дамуына жол ашып, қолдап келеді. Оның бастапқы капиталына бюджеттен қайтарымсыз қаражат та бөлуде.
Наурыз айында стартап жобаларды оқу блогына онлайн тіркеу басталды. Оқу блогына жүзге жуық адам жазылса, байқауға облыстың 10-нан астам ауданынан 30-ға жуық команда стартап жобаларын ұсынып, қатысып үлгерген. Маусым айында финал өтті, онда конкурстық комиссия мүшелері стартап жобалардың дайындығын бағалап, олардың ішінен үш жобаны іріктеп, бір миллион теңге көлемінде қаржыландыратын болды. Байқау нәтижесінде бірнеше жоба авторлары жеңіске жетіп, бір миллион теңге қаржыға ие болды.
«KazMentor» жобасы. Авторлары Тубулбаев Әділхан, Молдыбаева Азалия. Жобаның мақсаты – мұғалімдердің заманауи технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіруге арналған веб-қосымшасы. Бұл қосымша физика, химия, биология және информатиканы оқуға бағытталған интерактивті ойын романы.
«Болашақта пәндік салаларды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Жобаның жаңалығы мұғалімнің жұмысын жеңілдету үшін AI қолдануында жатыр. Бағдарламалық жасақтама кітапханалары арқылы жүзеге асырылатын AI негізгі оқыту нүктелерін алады, бірақ мұғалімнің рөлін толығымен алмастырмайды», – дейді Әділхан.
Комментарии