Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Арманы атақты биші болу

Дата: 05.03.2024 Рубрика: Фантазёры
33
0
    Арманы атақты биші болу
     Қаламыздағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің 4 “ә” сыныбының оқушысы Гүлім Салтан мың бұралып, би билегенді жақсы көреді. Ол бүгінде Айсұлтан шығармашылық мектебіндегі Ай-Гүлім би тобына барып жүр. Жақында аталмыш би ұжымы Рудный қаласында өткен облыстық байқауда лауреат атанды.
Гүлімнің биге икемін байқаған анасы оны осыдан екі жыл бұрын Айсұлтан шығармашылық мектебіне берген екен. Сол кезден бастап-ақ Гүлімнің өнерге деген көзқарасы, қызығушылығы өзгеше болды. Осылайша, биші болу оның арманына айналды. Қазір өнер мектебінің Ай-Гүлім би тобында жетекшісі Айгүлім Сайлауқызынан бидің  қыр-сырын үйренуде. Екі жылдың ішінде ұжымымен бірге түрлі облыстық, республикалық деңгейдегі би байқауларында өнер көрсетіп, жүлделі орындарды да бағындырып үлгерді. Болашақта атақты биші болуды армандайтын қаршадай қыздың бұл жолдағы алға қойған мақсаты да айқын.
“Маған би билеген қатты ұнайды. Жетекшіміз бізге би үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар бидің шығу тарихын, би қимылдарының атауларын да үйретеді. Соның арқасында әр ұлттың билерін үйрендік. Әсіресе, қазақ өнерінің, оның ішінде би өнерінің сұлулығына, тереңдігіне көз жеткізудеміз. Осы жолғы байқауда біз ұйғыр ұлтының биін биледік. Кіл мықтылар бас қосқан байқауда лауреат атанғанымыз біз үшін үлкен жетістік, мәртебе. Мен болашақта қазақтың атақты әрі кәсіби бишісі Шара апамыз сияқты биші болғым келеді”, - дейді Гүлім Рүстемқызы.
Қостанай қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!