Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Асық ату – ұлттық тәрбие көзі

Дата: 06.02.2024 Рубрика: Фантазёры
196
0
Асық ату – ұлттық тәрбие көзі
Қаладағы №28 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында асық ойналып ғана қоймай, ҚР Асық ату федерациясының облыстық филиалының төрағасы Кәрішал Төлегенұлының қолдауымен қалаға жақын маңдағы асыққа қызығушылығы бар балалар арасында облыстық турнир ұйымдастырылды. Оқушылар мен олардың бапкерлері де ұлттық нақышта киініп, ойынның көрігін қыздырды.
«Еліміздің әр жерінде челлендждер өткізіліп жатыр. Осыған қосқан үлесіміз ретінде арнайы 2007-2008 жылы туған асықшыларды жинадық. Оның ішінде Қазақстан чемпиондары бар. Солармен бірге Қостанай облысының гран-при жарысын ұйымдастыруды қолға алдық. Бүгінде облыс бойынша нәтиже жаман емес. Қыздар арасында Азия чемпиондары, әлем кубогінің иегерлері бар», - дейді Кәрішал Төлегенұлы.
«ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Төрт өнер – төрт тоқсан» атты тұжырымдама бар. Соған байланысты әр тоқсан әртүрлі тақырыптарға бөлінген. Мәселен, жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанын Қостанайдағы №28 мектеп-гимназиясы ақындар айтысына арнады. Ал, осы екінші тоқсан «Алтын сақа» деп аталды. Министрлік нұсқаған «Тоғыз айда – тоғыз іс-шара» тұжырымдама аясында да көптеген науқан қолға алынуда. Бұл күні республиканың барлық білім беру ұйымдары республикалық челленджге атсалысты. Соның бір дәлелі ретінде, жаппай челленджге бізден бес жүзге жуық оқушы қатысып жатыр», - деді облыстық білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Қаламқас Қаратаева.
Қанат Ықыласбеков осы челленджге арнайы Рудный қаласынан келіп қатысы. Бес жасынан асық иірген бозбаланың облысымыздың бетке ұстар чемпионы деген атағы бар. Үйінде екі жүз асық жинапты.
«Бес жасымнан бастап асық ойнауға әуестігім артты. Тіпті, біздер оңтүстік қалаларда өткен жарыстарға дейін қатысып келдік. Ол жақта біздердей емес дамып кеткенін байқадық. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтыласың. Таза бәсеке. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке тәрбиелейді. Міне, асық ойынының кереметі осында!»  - дейді Қанат.
Айым АБДУГАЛИЕВА,
оқушы.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!