Эко-мода: ерекше экологиялық бастама
Дата: 22.09.2026 Рубрика: Экология и творчество
0
4
0

Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығында Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендерді таза ұстауға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында «Эко-мода: сұлулық – шығармашылықтың сиқырлы күші» атты ерекше шығармашылық іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау, тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану мүмкіндігін көрсету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қызмет алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Жоба барысында қатысушылар әдетте қоқысқа тасталатын заттарға жаңаша көзқараспен қарап, оларды шығармашылық бұйымдарға айналдырды. Костюмдер мен аксессуарларды жасау кезінде полиэтилен пакеттері, пластикалық бөтелкелер мен қақпақтар, картон, қағаз және газеттер, бір реттік ыдыстар, түрлі қаптама материалдары, пластикалық және басқа да тұрмыстық ыдыстар пайдаланды.
Кеше ғана қажетсіз болып көрінген заттар қатысушылардың қиялы мен еңбегінің арқасында ерекше киім үлгілері мен сәндік аксессуарларға айналды. Мұндай тәсіл қалдық көлемін азайтуға, ресурстарды үнемдеуге және қоршаған ортаға түсетін салмақты төмендетуге бағытталған экологиялық әдеттердің қалыптасуына ықпал етеді.
«Бұл идея шығармашылықтың шекарасы жоқ екенін көрсетеді, біз қажетсіз деп санайтын қарапайым заттарды қайта өңдеуге болады. Біз экологиялық тақырып пен шығармашылықты ұштастырып, қызмет алушылар мен ата-аналарға өз қиялдарын еркін көрсетуге, өздерін нағыз дизайнер ретінде сезінуге және қабілеттерін танытуға мүмкіндік бергіміз келді», – дейді орталық директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Наталия Попова.
Шара барысында жеңімпаздар анықталған жоқ. Себебі бұл көрсетілімнің негізгі мақсаты – үздікті таңдау емес, әр қатысушыға өзін көрсетуге мүмкіндік беру, еңбегін бағалау және жетістікке жету сезімін сыйлау. Жалпы іс-шараға 34 қызмет алушы қатысты. Әрқайсысы өз шығармашылық идеясын ұсынып, дайындалған киім үлгісін көпшілік алдында таныстырды.
Балалар үшін бұл тек сән көрсетілімі емес, өз күшіне сенуге, шығармашылық қабілетін ашуға және өз еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндік берген маңызды тәжірибе болды. Қолдау мен жылы лебіздер қатысушыларға жағымды эмоция сыйлап, олардың белсенділігін арттырды.
Іс-шараның тағы бір маңызды ерекшелігі – ата-аналар мен қамқоршылардың белсенді қатысуы. Олар балаларымен бірге костюмдердің идеясын ойластырып, қажетті материалдарды жинап, образдарды әзірлеуге көмектесті және көрсетілім кезінде балаларға қолдау көрсетті. Осылайша, «Эко-мода» жобасы экологиялық акциядан бөлек, отбасылық шығармашылыққа, өзара қолдауға және балалардың әлеуетін ашуға бағытталған ортақ жұмысқа айналды.
Костюмдерді дайындау барысында балалар мен ата-аналар қалдықтарға басқа қырынан қарауды үйренді, кез келген затты бірден қоқысқа тастамас бұрын, оны қайта пайдалануға бола ма, басқа мақсатқа жарай ма деген ой қалыптасты. Бұл – экологиялық жауапкершілікті күнделікті өмірде қалыптастырудың қарапайым, бірақ маңызды қадамы.
Іс-шара соңында костюмдерді жасауға атсалысқан барлық ата-аналар мен қамқоршыларға алғыс хаттар табысталды. «Таза Қазақстан» бастамасының мәні – қоршаған ортаны қорғауды әр адамның күнделікті өмір салтына айналдыру. Тазалық пен табиғатқа қамқорлық үлкен жобалардан ғана емес, қарапайым әрекеттерден басталады: қоқысты бейберекет тастамау, мүмкіндігінше заттарды қайта пайдалану, қалдықтарды сұрыптау, пластикті шамадан тыс қолдануды азайту, табиғи ресурстарды үнемдеу және айналамызды таза ұстау.
Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығының ұйымдастырған «Эко-мода» көрсетілімі осы құндылықтарды шығармашылық арқылы насихаттаудың жарқын үлгісі болды. Табиғатты қорғау – барлығымызға ортақ міндет. Ал экологиялық мәдениет әрқайсымыздың күнделікті таңдауымыздан басталады. Қоқыс деп қабылдаған затымызға жаңа мүмкіндік беріп, табиғатқа деген қамқорлығымызды нақты іспен көрсетейік.
Айтолқын ӘБДІЛДА, Рудный қаласы

Комментарии