Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Табиғатқа жақын жаңа мекен

Дата: 08.09.2026 Рубрика: Экология и творчество
6
0
Табиғатқа жақын жаңа мекен
Табиғатты таза ұстау, жасыл желекті қорғау және таза ауада серуендеу – денсаулыққа ғана емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілігімізге де байланысты. Осы бағытта Қостанай ауданында тұрғындар үшін жаңа эко-саябақ ашылмақ.
Жаңа демалыс орны Мичурин ауылының маңындағы орман алқабында орналасқан. Қазір мұнда құрылыс және абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жоспарланған жұмыстардың 70 пайыздан астамы орындалған. Эко-саябақтың ерекшелігі – оның табиғи орман аумағында орналасуы. Мұнда адамдар таза ауамен тыныстап, ағаштардың саясында серуендей алады. Велосипед тебуді немесе жүгіргенді ұнататындар үшін арнайы жолақтар жасалады.
Жоба аясында 2,5 шақырымдық велосипед және жүгіру жолының асфальты төселіп үлгерген. Сонымен қатар балалар алаңы, футбол алаңы, тренажер және күрес алаңдары бой көтеруде. Демалып, табиғатты тамашалауға арналған орындықтар мен күркелер де орнатылады. Ал орман ішінде серуендегенде шөлдегендер үшін екі жерде ауыз су нысаны болады. Тамақтану орындарын ұйымдастыруға кәсіпкерлерге де арнайы орын қарастырылған.
Эко-саябақтың тағы бір маңызды ерекшелігі – табиғатпен үйлесімді демалыс мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беруі. Орманға келген әр адам қоршаған ортаға ұқыпты қарауы керек. Саябақта серуендегенде, қоқысты арнайы жәшікке тастау; ағаш бұтақтарын сындырмау; гүлдер мен өсімдіктерді жұлмау; жануарлар мен құстарға зиян келтірмеу; табиғат аясында от жаққанда қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды. Өйткені табиғат – бәрімізге ортақ үй. Оны қорғау тек мамандардың емес, әрқайсымыздың міндетіміз.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов эко-саябақтағы жұмыстардың барысымен танысты. Саябақ аумағында келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция бекетін ашу ұсынылды. Ал тұрғындардың сұранысы артса, болашақта бұл жерге қоғамдық көлік қатынауы мүмкін.
Жоба бойынша абаттандыру жұмыстары 43,8 гектар орман аумағын қамтиды. Нысанды қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңа саябақ ашылғанда Қостанай ауданы тұрғындарының табиғат аясында уақыт өткізіп, спортпен шұғылданып, таза ауада демалуына мүмкіндік көбейеді. Эко-саябақ – жай ғана серуендейтін орын емес, табиғатты танып, оны қорғауды үйренетін тамаша мекен болмақ.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!