Ерікті болу – ерлік
Дата: 25.08.2026 Рубрика: Экология и творчество
0
6
0

Науырзым ауылдық кітапханасында жастар арасында еріктілік мәдениетін қалыптастыру, қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Ерікті болу – ерлік» атты акция ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды қоғамдық жұмыстарға белсенді тарту, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және еріктілік қызметінің қоғамдағы маңызын түсіндіру. Акция барысында кітапхана қызметкерлері мен ауыл жастары бірігіп, ауылдағы Жастар саябағын абаттандыру жұмыстарына қатысты. Қатысушылар саябақ аумағын қоқыстан тазартып, ағаштар мен гүлдерді суарып, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Мұндай игі іс жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтты.
Шара аясында еріктілік қозғалысының қоғамдағы рөлі туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Қатысушыларға ерікті болудың тек қоғамдық жұмыс емес, адамгершілік, жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі екені айтылды. Сондай-ақ еріктілердің түрлі әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық жобаларға қосып жүрген үлесі жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Кездесу барысында жастар өз ойларын ортаға салып, еріктілік қызметінің маңыздылығы туралы пікір алмасты. Олар мұндай игі бастамаларға алдағы уақытта да белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдіріп, қоғамдық жұмыстарға қызығушылық танытты.
Акция соңында ұйымдастырушылар жастарды мейірімділік пен жанашырлық қағидаларын өмірлік ұстанымға айналдырып, еріктілік қозғалысына белсенді араласуға шақырды. «Ерікті болу – ерлік» акциясы қатысушылардың бойында жауапкершілік, ұйымшылдық және қоғамдық белсенділік сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастырып, туған ауылдың көркеюіне үлес қосудың әр азаматтың қолынан келетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Комментарии