Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Табиғат әлеміне қызықты саяхат

Дата: 14.04.2026 Рубрика: Экология и творчество
5
0
Табиғат әлеміне қызықты саяхат
Дәмді ауылдық кітапханасында «Қанатты достарымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, табиғаттың әсем бір бөлшегі – құстар әлеміне арналған тағылымды шара ұйымдастырылды. Бұл мазмұнды кездесу кішкентай оқырмандар үшін ерекше әсерге толы болды.
Көрме барысында балалар назарына құстар туралы қызықты ертегілер, танымдық кітаптар мен түрлі-­түсті брошюралар ұсынылды. Әсем безендірілген кітап сөрелері балаларды бірден өзіне тартып, оларды құстардың сырлы да таңғажайып әлеміне жетеледі.
Шара кезінде балалар құстардың түрлері, олардың тіршілігі, мекен ету ортасы және табиғаттағы маңызы туралы көптеген қызықты мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, олар өздері білетін құстар жайлы айтып, жұмбақтар шешіп, шағын ойындарға қатысып, белсенділік танытты.
Әрбір кітап пен ертегіде құстардың мейірімділігі, еркіндігі мен табиғатпен үйлесімі көркем тілмен баяндалып, балалардың қиялын қанаттандырды. Бұл көрме арқылы жас оқырмандар табиғатты аялаудың, құстарға қамқор болудың маңызын терең түсіне түсті.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың рухани дамуына ықпал етіп қана қоймай, олардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз екенін ұғындыруда мұндай бастамалардың маңызы зор.
Қанатты достарымызды қорғап, табиғатты аялауды бірге үйренейік! Табиғатты қорғау «Таза Қазақстан» бастамасында да айтылып, жас ұрпақты эко жүйені қорғауға бастайды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!