Экологиялық пульс
Дата: 31.03.2026 Рубрика: Экология и творчество
0
5
0

«Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында №15 орта мектеп оқушыларына арналған «Экологиялық пульс» атты флешмоб ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру, экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу.
Флешмоб барысында кітапханашы «Жер – біздің досымыз» атты экологиялық жаттығу өткізді. Жаттығу кезінде балалар табиғат құбылыстарын бейнелейтін қимылдарды қайталап, қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым жолдарын үйренді. Атап айтқанда, қоқыс тастамау, табиғатты аялау, айналаны таза ұстау секілді маңызды қағидаларға назар аударылды.
Таза планетаны қолдау мақсатында оқушылар қолдарына «Гүлдей бер, Жер-Ана!», «Аспаның ашық болсын!», «Суың мөлдір, таза болсын!», «Орманың жасыл желекке толсын!», «Күнің жарық болсын!» деген ұрандар жазылған плакаттар ұстап шықты. Сонымен қатар «Табиғат-Ана, сені сүйеміз, басымызды иеміз!» деген жүрекжарды үндеулер айтылып, флешмоб ерекше әсерлі өтті.
Шара барысында оқушылар табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін түсініп, өз ойларын ортаға салды. Олар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін көрсетті.
Мұндай форматтағы іс-шаралар жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін нығайтады. Сонымен қатар әр адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін сезінуге ықпал етеді.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы осындай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатыны айтылды.
Сандуғаш Омарова, «Строительный» кітапхана-филиалының кітапханашысы

Комментарии