Табиғатты қорғау – борышымыз
Дата: 11.11.2025 Рубрика: Экология и творчество
0
33
0

Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау – адамзаттың маңызды міндеттерінің бірі. Біз, «Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйі «Жас эколог» үйірмесінің мүшелері, табиғатты қорғауға өз үлесімізді қосып келеміз.
Үйірмеміздің жұмысы тек теориямен шектелмейді – біз табиғатты аялауға бағытталған нақты істермен айналысамыз. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы, «Таза өлке» іс-шарасы аясында көктем, күз мезгілдерінде мектебіміздің және шығармашылық үйінің ауласына ағаш көшеттерін отырғыздық. Ағаштарға күтім жасап, суарып, айналасын таза ұстау – біздің тұрақты жұмысымыз.
Қалдықты сұрыптау тақырыбында үйірме мүшелерімен бірге ақпараттық бұрыш әзірледік, экосынып сағаттарын өткізіп, өзіміздің отбасымыз бен сыныптастарымызды қоқысты бөлек тастауға үйретіп жүрміз. Әсіресе пластик қалдықтарды зияны туралы бейнеролик түсіріп, күнделікті өмірде қажетсіз болып қалған қалдық заттарға екінші реттік өмір сыйлап тұрмысқа қажетті бұйымдар әзірлеп оны әлеуметтік желілерге жүктедік.
Үйірме мүшелері су мен электр қуатын үнемдеу туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратты. Әрбір үйірме мүшесі өз үйінде осы принциптерді қолдануға тырысады. Сонымен қатар, көп реттік сөмкелер мен бөтелкелер қолдану – біз үшін қалыпты әдетке айналды. Бірнеше оқушы өз қолымен экосөмке тігіп, оны күнделікті өмірде қолданып жүр.
Экобілім беру бағытында, үйірмеде «Экологиялық әліппе», «Табиғат және адам», «Болашақ – біздің қолымызда», «Табиғат адамзатқа аманат!» атты ашық сабақтар мен шығармашылық жобалар ұйымдастырылды. Үйірме жетекшісі мен белсенді оқушылар түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Гүлнұр Өтелбаева, «Жас эколог» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы, Науырзым ауданы

Комментарии