Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тағдыр талқысына түскен жандар

Дата: 28.01.2025 Рубрика: Экология и творчество
280
0
Тағдыр талқысына түскен жандар
Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында  Әулиекөл ауданының «Шабыт» театр актерлері «Садағаң кетейін...» драмасын ұсынды.
Әулиекөл ауданының «Шабыт» театры екі жыл бұрын, қараша айында ашылып, оның ең алғаш қойылымы 2024 жылдың желтоқсан айында қойылған. Оның алғашқы қалада қойылған «Садағаң кетейін...» қойылымын тамашалау үшін тек Қостанай қаласының көрермендері ғана емес, бүкіл облыс қалалары мен аудандары арнайы осы театрға келді. Бұл «Шабыт» тетры үшін үлкен жетістіктерінің бірі десе де болады. 
Қазір әулиекөлдік театр құрамында 25 өнерпаз бен 12 оқушы бар. Өнерді сүйетін жандар қолдары қалт еткенде дайындыққа асығады. Олардың арасында ұстаздар, дәрігерлер, мемлекттік қызметкер мен басқа да мамандық иелері бар.
«Садағаң кетейін...» спектаклі драма, трагедия жанрларын қамтиды. Басты тақырып – лудомания мен нашақорлықтың жеке адам мен оның отбысы өміріне кері әсері. Басты кейіпкер Ернар деген жігіт ойынға құмар, үлкен ақшаға қарыз болып қалады. Мас күйінде үйіне әкесі мен анасынан ақша сұрауға келгенде ашумен ағасымен төбелесіп, одан қарт анасының жүрегі тоқтайды     
Осыдан кейін Ернар есін жимайды, өмір сабағын алмай есірткі тұтынуды жалғастырады. Оның ағасы қарыздарын қайтару үшін өзі үлкен қиындыққа тап болады. Ернардың қызы достарымен клубта қыдырады. Бұл трагедиялық әңгіме өмірдің шырғалаңына түскен сан тағдылар жайында.
Спектакль режиссері Нұржамал Төкенқызы сценарийді жастарға тәрбиелік ой тастау үшін жазған. Ол өз мақсатына жетті деп айта аламын. Ауданнан қалаға гастрольмен шығып, ауқымды тақырыпты қозғай алған «Шабыт» театрының актрлері мен режиссері зор құрметке бөленді. Ауыл – өнер кеніші деп бекер айтпаса керек. 
Аида ЯЛОВЕНКО 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!