Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Эко күннің» қызықтары

Дата: 23.07.2024 Рубрика: Экология и творчество
106
0
«Эко күннің» қызықтары
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қарабалықта «Эко күні» өтті.
Сәуір айынан бастап ел бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталды. Бағдарлама барлық еңбек ұжымдарын, тұрғындар мен балаларды қамти отырып, ауқымды сипат алды.
Қарабалық ауданы бағдарламаның басынан бері шетте қалмады, мұнда аумақты санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша белсенді қызмет жүргізілуде. Қарабалық ауданының тұрғындары стандартты сенбіліктерді ғана емес, түрлі шығармашылық іс-шараларды өткізу арқылы «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасын қолдайды.
Мәселен, 16 шілдеде «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің» Жастар ресурстық орталығы» КММ «Қарабалық еріктілері» бастамашыл тобымен бірлесіп демалушыларға «Достық» «Эко күн» лагерін өткізді. Үш алаң ұйымдастырылып, төрт жасақтың балалары белсенді қатысты. Бірінші алаңда «Көрікті өлке» тақырыбында «Брейнринг»зияткерлік ойыны өтті. Екінші алаң-Жоба-менеджмент-Қарабалық ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша үздік жоба құру. Командалар өз жобаларын қорғай отырып, аудандағы экологиялық жағдайды қалай жақсартуға болатындығы туралы маңызды дәлелдер келтірді. Үшінші алаң-қалдық материалдардан жасалған үздік костюмге арналған байқау. Бұл байқауда балалар өздерінің барлық таланттары мен қабілеттерін көрсетті.
Қатысушылар лагерь аумағын және оған іргелес аймақтарды тазалауға қатысты, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды отырғызды. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер үшін табиғатты қорғау және тұрақты даму тақырыбында білім беру дәрістері мен интерактивті сабақтар өткізілді.
Жастар ресурстық орталығының өкілдері мұндай іс-шаралар жас ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті тәрбиелеудің маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. «Біздің міндетіміз - балаларға табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға болатындығын іс жүзінде көрсету», - деп атап өтті Ерлан Арманұлы Баранбаев.
Күні бойы командалар тапсырмаларды орындап, ұпай жинады. Үздік нәтиже көрсеткен жасақ бағалы сыйлықтарға ие болды. «Эко күннің» соңында экологиялық тәрбие тақырыбында кинофильм көрсетілді. Демалушылар өздерінің зияткерлік қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, лагерь аумағында «еңбек десантын» өткізу арқылы табиғатқа қамқорлық жасай алды.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!