Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Табиғат аясындағы басқосу

Дата: 23.07.2024 Рубрика: Экология и творчество
108
0
Табиғат аясындағы басқосу
«Ауылым – алтын бесігім» жобасын іске асыру шеңберінде Арқалық қаласындағы «Жас-Ұлан» қалалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі игі іс-шараны ұйымдастырды. «Эдельвейс» спорттық-туристік клубының педагогтері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен, Арқалық қаласының педагогтері мен жоғары сынып оқушылары үшін «Туған жер бойынша туристік көшпелі экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастыру» атты көшпелі семинар-практикум ұйымдастырды. Олар табиғат аясында бас қосты. 
Бұл семинарда барлық қатысушылар туған жердің кереметін сезініп, экологиялық экспедиция қызықты өтті. Олар табиғат аясында сақтау қажет барлық техникаларды, кезеңдерді, әдістер мен дағдыларды пысықтады. 
Семинардың нұсқаушысы ретінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Өңірлік дене шынықтыру және қосымша білім беру орталығы» КММ бөлімінің әдіскері Оразалин Олжас Қасымұлы шақырылды. Ол өзінің білгенімен бөлісіп, балаларға көп дүниені үйретті. Қоршаған ортаны қорғай отырып, табиғатпен егіз болуды көрсетті. 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!