Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Орманшы ағай

Дата: 17.10.2023 Рубрика: Экология и творчество
180
0
Орманшы ағай

            Өлкемізде осынау қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін мамандықты адал атқарып жүрген, бүгінде еңбегі еленіп, халқы құрмет тұтқан жандар жетерлік. Солардың бірі қыдыр қонып, құт дарыған, шежірелі өлке - Науырзым жерінде туып өсіп, бүгінде тамырын тереңге жіберген алып бәйтеректей, мәуелі баққа айналып отырған Каримовтер әулетін үлкен мақтанышпен айтуға болады.
            Бұл әулетте атадан балаға мұра болып келе жатқан орман қорғау мамандығы ұрпақтар сабақтастығы, себебі әулеттің жалпы еңбек өтілдері сонау 1986 жылдан басталып бүгінге дейін үздіксіз 67 жылға жалғасын тапқан ерен еңбек, өмірлік тәжірибе, әкеден балаға рухани азық, мұра ретінде қалдырылып келеді.
            Каримовтер Науырзым ауданының Саршығанақ елді мекенінде дүниеге келіп, бүгінге дейін туған жерден алшақтамай, орман қорғау ісінде үздіктердің үздігі болып, қасиетті Науырзым жеріне еңбектерін сіңіріп келеді.
            Ағайындылардың үлкені Каримов Наурызхан Сәкенұлы еңбек жолын Науырзым ауданының Саршығанақ елді мекенінде орманшылық қызметінен бастап, осы жерде шаңырақ көтеріп асқар тау әке атанып, бүгінде алтын асықтай екі ұлы мен бір қызын тәрбиелеп, өсіріп өз алдына жеке қанаттандырып отырған жайы бар.
            Каримов Батырхан Сәкенұлы Қарамайшы елді мекенінде 23 жыл орман қорғау ісінде қажырлы еңбек етіп келеді. Мемлекеттік инспектор, табиғатты қорғау үлкен жауапкершілікпен қатар сақтықты, батырлықты талап ететін тілге тиек етеді. Әсіресе, жаз кездерінде тілсіз жау өрттің, майлы қарағай ағашын жиі маңайлайтынын, сондықтан көктен түскен найзағай ұшқынын бірінші болып байқап, өрттің алдын алу осы өздеріндей табиғат сақшыларының қырағылығын талап етеді деп есептейді. Батырхан ағамыз, айрандай ұйып отырған берекелі отбасының тірегі, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған аяулы жар, ардақты әке.
            «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі» дегендей Карімов Наурызхан ағамыздың ұлдарының кенжесі Қанатханы әке жолын қуып бүгінде, мемлекеттік инспектор қызметін абыроймен атқаруда.
             «Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым». Еліміздің, туған жеріміздің одан әрі дамып көркеюіне ат салысып, үлесімізді қосу, Отан алдындағы әрбір пенденің туған өлкесінін алдындағы парызы, бұзылмас берік анты. «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»- дегендей әрбір адам өзінің туған жерінен мансап қуып ешқайда кетпей, осылайша өмір сүріп отырған ортасының сұлулығын сақтап, оның ауасының, суының ластануына жол бермей, оның өсіп – өркендеп, гүлденуіне үлесін қосса, нұр үстіне нұр болар еді.
            Айсана Бақытқали,
            оқушы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!