Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Көнеден жеткен күй тартыс

Дата: 26.09.2023 Рубрика: Экология и творчество
307
0
Көнеден жеткен күй тартыс
Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі «Төрт тоқсан – төрт өнер» тұжырымдамасы бойынша «Күй тартыс» өткізді. Айтысты тек сөз арқылы ғана емес, ән айту, күй тарту арқылы да ұйымдастыруға болады. Сондай айтыстардың бірі осы – күй айтыс.
Күй тартысқа екі немесе бірнеше адамның қатысуына болады. Күйшілердің күй айтысқа түсудегі негізгі мақсаттары: өздерін елге таныту, шығармашылығын дамыту, өз шеберлігін сынау болып табылады.күй тартысты 3 түрлі негізде өткізетін болған.1. Күйді біріншісі тоқтаған жерден екіншісі жалғастыру. 2. Күйшілер бір – бірінің орындаған күйлерін қайталамау.3.Бірі орындаған күйді қайталап тарту.
Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынғасалу қазақ күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Елге есімі мәлім күйшілердің қай-қайсысы да небір әсем өрнекті күйлерін егес үстінде төгіп тастайтын болған. Күй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де намысы сынға түскен сәттер аз емес. Бұған қазақ пен түрікмен, қазақ пен қырғыз, қазақ пен қалмақ арасында болған күйшілер сайысы, соған орай туған толып жатқан күйлер куә. Дәулеткерей, Өскенбай сынды күйшілердің түрікмен күйшілерімен арада болған күй сайыстарында дүниеге келген небір сиқырлы саздары мен шежірелі аңыз-әңгімелері ұрпаққа мұра.
Арлан Асқар,
оқушы.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!