Қолайлы өмір үшін
Дата: 26.09.2023 Рубрика: Экология и творчество
0
313
0
Елімізде қоршаған ортаны қорғау бағытында біраз шаруа қолға алынды. Айталық, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл жобаның мақсаты — қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту. Жуырда ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымымен бірлесіп экологиялық челлендж бастады. Экочелленджге қатысушылар бірнеше тапсырманы орындауы керек. Оның ішінде қоқысты сұрыптау, сенбілікке қатысу, пластик пакеттен бас тарту шарттары бар. Экологияны қорғау ісінде осындай креативті тәсіл қолдану құрғақ насихаттан әлдеқайда тиімді. Экологияны жақсарту ісіне барлық қолдан келген үлесімізді қосқанымыз жөн.
Таза ауамен тыныстап, таза ортада өмір сүреміз десек, экологияны қорғауды әрбір адам өзінен бастауы керек деп санаймын. Ол үшін сенбіліктен қалмай, ағаш отырғызуға үлес қосуымыз керек. Соңғы кезде пластик пакеттен арылу керектігі жиі айтыла бастады. Бұл дұрыс. Себебі пластик жүздеген жылдар бойы шірімейді.
Бекасыл Көкенәки,
оқушы.

Комментарии