Ертегі тыңдайсың ба?
Дата: 05.09.2023 Рубрика: Экология и творчество
0
266
0
Ертегі – баланың тілін жаттықтырады. Ертегі кейіпкерлерінің басынан өтетін оқиғалары арқылы бала күнделікті өмірінде болып жатқан оқиғаларды талдай білуді және әлемді түсінуді үйренеді.
Ертегілік әлем түсінуге жеңіл: жақсы мен жаманның арасы анық. Сонымен қатар баланың ойлау қабілетінде маңызды нәрселер де көрініс табады. Яғни, жомарттылық пен сараңдық, жақсылық пен жамандық, менмендік пен бауырмалдық деген мәселелер көтеріліп, негізгі идея ретінде баяндалады. Балалар өздерін ертегі кейіпкерлеріне теңеп, соларға еліктейді. Өзіне ұқсас кейіпкерді, бейсаналы түрде таңдап, соның әрекеттерін қайталауға тырысады. Жалпы ертегілер тәрбиенің негізгі құралы болғандықтан, оқитын ертегіні таңдауда мұқият болған абзал.
Ертегі оқу – баланы тыныштандырып, позитивке бағыттаудың әдісі. Бала ешуақытта негативті көңіл-күйде ұйықтамауы керек. Ертегінің соңы жақсы аяқталуы керек екенін де ескеріңіз. Ертегіде жақсылық жамандықты жеңіп, бас кейіпкер батыр атанып, бәрі өз орнына келеді. Бұл баланы өмірде бәрі жақсы болатынына, позитивті ойлауға дағдыландырады. Бұл бала үшін өте маңызды екенін ұмытпағайсыз. Ертегі арқылы ақыл-ой және дене енбегінің барлық түрлерінде, баланы болашақта қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет. Сондықтан да күнделікті сабақ барысында ертегіні пайдаланар болсақ, баланың мінез-құлқына, сезімталдығына әсер етіп, дұрыс тәрбиелеуге үлес қосамыз.

Комментарии