Біз - табиғат қорғаны
Дата: 05.09.2023 Рубрика: Экология и творчество
0
504
0
Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Бұл орайда ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.
Арлан Бақытқалеев,
оқушы.

Комментарии