Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлттың саз байрағы

Дата: 15.08.2023 Рубрика: Экология и творчество
155
0
Ұлттың саз байрағы
Науырзым ауданы білім бөлімінің Балалар шығармашылығы үйінде «Домбыра» үйірмесінің жетекшілігімен аудандық кітапханамен біріге о тыра өскелең ұрпақтың ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қ ызығушылық сезімін оятып, тарихтың куәгеріне айналған қасиеттті қара домбыраны қастерлеу мақсатында: «Ұлттың саз байрағы – домбыра» атты әдеби музыкалық тәрбие сағаты өткізілді. Жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі-дәстүрлі музыка өнеріне баули отыра, оқушыларға халқымыздың аса қасиетті дүниесі домбыра туралы түсінік берілді. Аталған іс-шараға шақырылған қонағымыз, мәдениет үйінің жас күйшісі Нұрғалиев Аңсаған Ахмедияровтың «Қуаныш» күйімен бастап, «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Молдакәрім Төлеби Мұхамбетұлы шәкірті Тимошенко Никита екеуінің «Ерке сылқым» күйімен аяқталды. Іс-шара барысында Балалар шығармашылығы үйінің директоры Әсемгүл Жанболатқызы домбыраны халқымыздың бай мәдени мұрасының негізгі символының бірі екендігін атап өтті. Қатысқан оқушыларымыз ұлттық аспабымыз домбыра жайлы өздеріне көп мәліметтер ойларына түйіндеп, өте қызығушылықпен қатыса білді. Төлеби МОЛДАКӘРІМ, «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!