Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Табиғатты сақтайық

Дата: 08.08.2023 Рубрика: Экология и творчество
215
0
Табиғатты сақтайық
        Қаламыздағы №2 мектеп-лицейінің жанындағы лагердің балалары №5 өрт сөндіру бөліміне қонаққа келді. Өрт сөндірушілер оқушыларға өздерінің жұмыстары жайлы айтып, өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару құралдары көрсетті. Сондай-ақ, оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі, отпен ойнаудың кесірі туралы да айтылды.
       Балалар өрт сөндірушілерді жоғары температурадан қорғайтын жылу шағылыстыратын костюмді, тыныс алу аппараттары мен өрт сөндіру техникаларын көріп қана қоймай, оларға  көліктердің ішінде отыруға және өздерін тілсіз жаумен күресіп жатқан батырлар сияқты сезінуге рұқсат етілді.
           Нағыз өрт сөндірушілерге қонаққа барып, олардың жұмысын өз көздерімен көруді армандаған балалардың да қуанышында шек болмады. Осындай саяхат ұйымдастырған ағайлары мен апайларына алғыстарын жаудырып, сондай ерекше көңіл-күймен қайтты.
        

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!