Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ағылшын тілін комикс арқылы үйрен

Дата: 20.10.2026 Рубрика: Будь здоров!
5
0
Ағылшын тілін комикс арқылы үйрен
Қазіргі кезде ағылшын тілін үйренудің жолы көп. Біреулер кітап оқығанды ұнатса, енді біреулер бейнеролик көріп немесе ойын ойнау арқылы білімін жетілдіреді.
Ал мен ағылшын тілін үйренуді 5-сыныпта оқып жүрген кезімде Garfield және Peanuts (Снупи туралы) комикстерін оқудан бастадым. Маған олардың қысқа әрі күлкілі оқиғалары қатты ұнады.
Менің ойымша, ағылшын тілін үйрену міндетті түрде қиын болуы керек емес. Ең бастысы – өзіңе ұнайтын әдісті табу. Мен үшін сондай қызықты тәсілдің бірі – комикс оқу. Комикстерде сурет пен мәтін қатар беріледі. Сондықтан жаңа сөздердің мағынасын түсіну оңай. Кейде сөздіктен іздемей-ақ, суретке қарап, кейіпкердің не айтқысы келгенін аңғаруға болады. Ал кейіпкерлердің қысқа диалогтарын оқу арқылы күнделікті өмірде жиі қолданылатын ағылшын сөздері мен сөз тіркестерін үйренемін.
Комикс оқумен ғана шектелмей, өзің де қызықты оқиға құрастыра аласың. Мысалы, сурет салып, кейіпкерлерге ағылшынша сөздер жазуға немесе шағын әңгіме ойлап табуға болады. Бұл жаңа сөздерді есте сақтауға әрі шығармашылық қабілетті дамытуға көмектеседі.
Маған комикстегі кейіпкерлердің сөздерін дауыстап оқыған да ұнайды. Кейде олардың рөлдеріне еніп, диалогтарды өзімше сахналап көремін. Осылайша ағылшынша сөйлеуге жаттығып, өз ойымды еркін жеткізуге үйренемін. Ең бастысы, қателесуден қорықпауға тырысамын.
Шынымды айтсам, комикс оқу менің ағылшын тіліне деген қызығушылығымды арттырып, білім деңгейімді көтеруге үлкен көмегін тигізді. Күніне небәрі 10-15 минут комикс оқудың өзі жаңа сөздерді меңгеруге, оқылым дағдысын дамытуға және ағылшынша сөйлеуге машықтануға мүмкіндік береді.
Сондықтан ағылшын тілін үйренгісі келетін достарыма комикс оқып көруге кеңес беремін. Өзіңе ұнайтын кейіпкерді таңдап, қызықты оқиғаларды оқудан баста! Мүмкін, сенің де ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігің дәл осылай оянар.
Нұрсейіт Мерей, С. Мәуленов атындағы гимназиясының 6 «А» сынып оқушысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!