Ауылдағы спорттық ойындар
Дата: 19.05.2026 Рубрика: Будь здоров!
0
6
0

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қызбел ауылында мазмұнды әрі тағылымы мол спорттық іс-шара өтті.
Ауыл жастарын салауатты өмір салтына баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және өзара достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында М.Дулатов атындағы орта мектептің директоры Динара Фазылованың бастамасымен көшелер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталған жарысқа ауылдың әр көшесінен құралған 6 команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жастардың белсенділігі мен спортқа деген қызығушылығы ерекше байқалды. Әрбір команда жеңіске деген жігерін танытып, жанкүйерлерге әсерлі сәттер сыйлады. Тартысқа толы дода нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей анықталды: І орын – Күдерақын көшесі; ІІ орын – Дулатов көшесі; ІІІ орын – Күдерақын 2 көшесі.
Жарыс барысында қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, ұйымшылдық пен бірліктің де үлгісін көрсете білді. Әсіресе, ауыл жастарының бір мақсатқа жұмылып, өзара қолдау көрсетуі – шараның басты жетістіктерінің бірі болды.
Ұйымдастырушы Динара Сәбитқызы өз сөзінде:
«Ауыл жастарының волейболға деген қызығушылығы жоғары. Сондықтан осындай мерекелік күні спорттық жарыс өткізуді жоспарлап, жүзеге асырдық. Бұл – тек менің ғана емес, мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Руслан Исламбекұлы екеуміздің ортақ бастамамыз. Алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын табады», – деп атап өтті.
Ауыл өмірінде мұндай игі бастамалардың маңызы зор. Себебі спорт – тек денсаулық кепілі ғана емес, ол – достық пен татулықтың, бірлік пен ынтымақтың алтын көпірі. Қызбел жастарының бұл белсенділігі – ауылдың жарқын болашағының айқын көрінісі.
Гүлсана АМАНЖОЛОВА

Комментарии