Арланның алғашқы белестері
Дата: 27.01.2026 Рубрика: Будь здоров!
0
15
0

Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Кенжеғазы Арлан Меңдібекұлы – жас болса да, спорттағы табандылығы мен қайсар мінезі арқылы көпшілікке үлгі болып жүрген болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшы.
Арланның спорттағы алғашқы қадамдарынан бастап бағыт-бағдар беріп, шеберлігін шыңдап жүрген жаттықтырушысы Талғат Темірбекұлы.
Арлан 2024 жылдан бастап ММА жекпе-жек спорт түрімен жүйелі түрде айналысып келеді. Аз ғана уақыттың ішінде ол өзінің мақсаткерлігін, еңбекқорлығын және жеңіске деген жігерін дәлелдей білді. Қала және облыс көлемінде өткен жарыстарда жүлделі орындардан көрініп, жас спортшы ретінде өз есімін таныта бастады. Әрбір сайысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалып, жеңісті тек нәтиже емес, маңдай термен келетін еңбек деп түсінеді.
Жас спортшының басты ерекшелігі – оның намысшыл әрі қайсар мінезі. Ол жаттығу барысында да, жарыс алаңында да қарсыласына құрметпен қарап, әділ әрі батыл күресе біледі. Қиындыққа мойымай, соңына дейін күресу – Арланның спорттағы өмірлік ұстанымы. Бұл қасиеттер оның болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне берік негіз қалайды.
2025 жылдың желтоқсан айында Арлан Алматы қаласында өткен грепплинг жарысына қатысып, жоғары дайындық деңгейінің арқасында І орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс – жас спортшының тынымсыз еңбегінің, кәсіби жаттықтырушылардың бағыт-бағдары мен ата-анасының үздіксіз қолдауының айқын нәтижесі.
Арланның жеңіске деген жігері мен спортқа деген шынайы сүйіспеншілігі арқылы алға ұмтылып келе жатқан жас талант. Оның бүгінгі жетістіктері – ертеңгі үлкен жеңістердің бастауы. Алдағы уақытта да Арланның спорттық жолы сәтті жалғасып, еліміздің абыройын асқақтатар мықты спортшылардың қатарына қосыларына сенім мол.
Жас спортшыға алдағы жарыстарда сәттілік, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Рудный қаласы

Комментарии