Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Дата: 16.09.2025 Рубрика: Будь здоров!
76
0
Ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді
Қарабалық ауданындағы М. Горький атындағы №1 жалпы білім беретін мектепте төрт жыл бұрын «Тоғызқұмалақ» үйірмесі ашылған болатын.
Бүгінде үйірмеде жиырмаға жуық оқушы тұрақты түрде дайындалып жүр. Жетекшісі – Ақылбек Айқадамов. Осы уақыт ішінде жүзге жуық оқушы ұлттық ойынның қыр-сырымен танысып, түрлі жарыстарда топ жарып келеді. Мектептер лигасында жүлделі орындарға ие болып жүрген шәкірттер өткен жылы облыс чемпионы атанған.
«Бұл ойын балаға тек уақыт өткізудің жолы емес, ойлау қабілетін дамытып, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Сондықтан әрбір баланың тоғызқұмалақты ойнағаны пайдалы», – дейді үйірме жетекшісі.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық мұраларының бірі – тоғызқұмалақ. Ғасырлар бойы дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен бұл ойын қазақ даналығының, логикасы мен ойұшқырлығының айғағы саналады. 2010 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Ал 9 қыркүйек елімізде ресми түрде Тоғызқұмалақ күні ретінде аталып өтеді.
Тоғызқұмалақ – тек қана ойын емес, зерде мен төзімділікті шыңдайтын спорт түрі. Әрбір жүріс мұқият ойлануды талап етеді, сондықтан ол балалардың логикалық ойлауын дамытып, тапқырлыққа баулиды. Қазіргі таңда тоғызқұмалақ Қазақстанда ғана емес, әлемнің 20‑дан астам елінде кеңінен насихатталып, халықаралық деңгейде ойналып жүр.
Әр жыл сайын 9 қыркүйекте еліміздің өңірлерінде тоғызқұмалаққа арналған турнирлер, шеберлік сабақтары мен таныстырылымдар өткізіледі. Мұндай шаралар ұлттық ойынды дәріптеп қана қоймай, жас буынды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, зерделі болуға шақырады.
Тоғызқұмалақ күні – ата-бабадан қалған асыл мұрамызды дәріптеудің, ұлттық дәстүрімізді ұлықтаудың айқын көрінісі. Ұлттың ойы мен парасатын шыңдаған бұл ойын әрдайым қазақтың рухани байлығы болып қала бермек.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!