Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Аспан асты елі

Дата: 20.10.2020 Рубрика: Бір шаңырақ
817
0
Аспан асты елі

Қытай әр түрлі халықтардың мәдениеті мен діни көзқарастардың мекені. Бұл ел өзінің даосизм, конфуцизм, буддизм діндерімен қоса фэн-шуй, у-шу сияқты философиялық, гимнастикалық спортымен ерекшеленеді. Бұл терминдерді естіген боларсыңдар?

Қытайлықтардың да өздеріне тән ырымдары бар. Мысалы, олар шетел азаматтарымен көбінесе қол берісіп амандасады және оларда сыйлық ретінде, қайшымен, пышақпен және басқа да суық қаруға жататын заттар беруге болмайды. Себебі, ол қытайлықтардың ойынша адамдар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуын білдіреді. Сонымен қоса, гүл, сағат, қол орамалын және соломадан жасалған аяқ-киімді беруге болмайды екен. Өйткені, аталмыш заттар қытайлықтар үшін өлімді білдіреді екен. Егер сізге сыйлық берілген болса, онда сыйлықты сол жерде емес, үйде ашып қарау керек. Бұл да бір қызық ырымдардың бірі. Сондай-ақ, туристер назарын аударатындай жарқын ашық киім кимеген абзал. Себебі жергілікті тұрғындар оны жақсы көрмейді.

Көптеген қытайлық дәстүрлер ең алдымен этикетпен, рәсімдермен және сыйлықтармен байланысты. Бұл халықта «Сыпайылық өте жоғары бағаланады және ештеңеге де баға жетпейді» деген мақал бар. Яғни, әрбір қытайлық отбасы табанды, еңбекқор, сыпайы қонақжай болып келеді. Отбасылық қасиет құрмет пен шыдамдылық сияқты ерекшеліктерін атап өту керек. Қытай қоғамындағы моральдық маңызды қағида – бұл ақсақалдарға құрмет көрсету. Балалар ата-аналарын құрметтеуге тиіс. Әйелі күйеуін тыңдау керек және ол өз кезегінде оған ыңғайлы болуды қамтамасыз етуге және ұрпақты жалғастыруға міндетті. Міне, мұның барлығы да қазақ халқына өте ұқсас келеді. Сыйластық қашанда алдыңғы орында болуы керек!

Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!