«Құтты шаңырақ астында»
Дата: 03.02.2026 Рубрика: Бір шаңырақ
0
9
0

«Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №15 орта мектептің 6 «А» сынып оқушыларына арнап «Құтты шаңырақ астында» атты фото-көрмеге шолу жасады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Жүргізуші бұл танымдық кездесудің Қазақстан халқының бірлігі күніне арналғанын атап өтті. Сондай-ақ елімізде 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатқанын, ел бірлігін сақтауда достық, өзара түсіністік пен келісімнің маңызы зор екенін ерекше атап өтті.
Көрме барысында оқушыларға Қазақстандағы этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін танытатын бірқатар құнды кітаптар ұсынылды. Атап айтқанда, С. Құсайыновтың «Қазақстан – қарашаңырағым» фотоальбомы, М. Шаймерденов пен Ш. Әмірбековтың «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері» атты персоналдар энциклопедиясы, Ә. Тауұлының «Қазақ салт-дәстүрлері» кітабы және басқа да танымдық басылымдар оқушылардың қызығушылығын тудырды.
Іс-шара барысында балалар Қазақстан халқының әртүрлі ұлттық дәстүрлері мен мәдени құндылықтары туралы мол мағлұмат алды. Танымдық сағат оқушыларға ерекше әсер қалдырып, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің қадірін терең түсінуге мүмкіндік берді.
Біз осындай татулық пен келісім орнаған бақытты елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Іс-шара мазмұнды, тәрбиелік әрі танымдық тұрғыда жоғары деңгейде өтті.
Санжар Молдабеков, №15 орта мектептің 6 «А» сынып оқушысы. Қостанай қаласы

Комментарии