Бірлігіміз жарасқан
Дата: 11.08.2020 Рубрика: Бір шаңырақ
0
585
0
Құрметті, оқырман! Гезеттің өткен сандарының бірінде сіздерге орыс халқы жайында қызықты деректер берген болатынбыз. Сол дәстүрді жалғастыру мақсатында, бүгін өздеріңізді өзбек ұлтымен таныстырғым келеді. Қазақ халқы шайды жақсы көреді. Кейбір адамдар «шай ішпесем басым ауырады» деп те жатады. Сол сияқты өзбек ұлтының да сүйікті сусыны – шай, әсіресе көк шай екен. Қызық ұқсастық иа? Біз тәрбиеге аса қатты мән береміз. Біздің ата-анамыз кейде балаларын болашақта ешкім «тәрбие көрмеген» деп айтпас үшін қатаң тәртіпке бағындырады. Ал, өзбек отбасындағы тәрбие берудiң қайнар көзi махалладан басталады. Махалла – бiр аймақта ағайын-туыстың бiрiмен бiрi етене жақын араласып, көршiлес өмiр сүретiн жерi. Өзбектер көне дәстүр, салт, ғұрпын осы күнге дейiн сақтап қалған ұлт саналады. Олар ата-бабасынан қалған ескi дүниелердi қастерлеп, болашақ ұлт санасына сiңiруге көп көңiл бөлген. Сондай-ақ, отбасының өзге мүшелерi де «өзбек баласы өзбекше тәрбиеленуге тиiс» деген ұстанымды сақтайды екен. Өзбек отбасындағы басты құндылықтардың бiрi – баланың ата-анасына деген шексiз құрметi. Бұл елде ата-анасының разылығын алмай, тiптi некесiн қидыруға да рұқсат жоқ. Өзбекстанда кәрi әке-шешесiн қараусыз тастау немесе қарттар үйiне өткiзу сияқты жағдайлардың сирек кездесетiнi содан болса керек. Бұл өте үлгі аларлық нәрсе деп ойлаймын, оқырман. Қашанда ата-анамызға құрмет көрсетіп жүрейік, айтқандарын тыңдап, олардың мақтанышы болыңдар. Қазақ халқының ең игі дәстүрлерінің бірі – қонақ күту. Қонағын құдайындай сыйлайтын ұлтпыз. Ал балалар, бір қызығы , өзбек халқына да тән қасиет олардың – қонақжайлылығы. Олар үшін қонақ күту бәрінен де жоғары бағаланады. Қонақты күтпеу отбасын, туысқандарды, ауылыңды ұятқа қалдырумен тең. Қадірлі қонақты үй иесі есік алдынан тосып алады екен. Байқадыңдар ма балалар, біздің ұқсастықтарымыз өте көп екен. Демек, біздің бірлігіміз жарасқан тату ел екеніміз айдан анық! Құрметті біздің кішкентай оқырман, «бір шаңырақ» айдарынан келесі жолы қандай ұлттың тарихи деректерін білгілерің келеді? Әлде өздеріңнің ұсынар қызықты ақпараттарың бар шығар. Біздің электронды почтамызға хат жазып қалдыра кетіңіздер: jasylalma@mail.ru
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Комментарии