Жас мамандарға жаңа мүмкіндік
Дата: 06.10.2026 Рубрика: Білім
0
6
0
Қостанайдағы Жастар сарайында IT саласында еңбек жолын бастағысы келетін студенттер мен жас мамандарға арналған «IT Job Fair» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жерге ақпараттық технологиялар бағытында маман іздеген 15-тен астам компания қатысып, жастарға қажетті вакансиялар мен кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынды.
Жастар сарайы бір сәтке жұмыс іздегендер мен жұмыс ұсынғандардың бас қосқан алаңына айналды. Ұйымдастырушылар еңбек нарығына енді қадам басқан жастарға жұмыс ұсынып, компаниялар білікті мамандар тартуға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алды, түйіндемелерін ұсынып, сұхбаттан өтті. Бұл әсіресе тәжірибесі аз студенттер үшін маңызды. Өйткені IT саласында жоғары біліммен қатар, нақты практикалық дағдымен қоса тәжірибеге де талап жоғары.
Бүгінде IT – еңбек нарығындағы ең жылдам өзгеріп жатқан салалардың бірі. Цифрландыру үдерісінің қарқын алуына байланысты ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және цифрлық қызметтер бағытындағы мамандарға сұраныс та артып отыр. Алайда жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығына енді шыққан жас мамандардың мүмкіндіктерін бір арнаға тоғыстыру әрдайым оңай емес. Осы тұрғыдан алғанда, жұмыс беруші мен үміткерді бір алаңда кездестіретін жәрмеңкелердің маңызы зор.
«Smart Kostanay» хабының директоры Дамир Мінайдаровтың айтуынша, Қостанайда IT саласына арнайы бағытталған мұндай ауқымды жәрмеңке алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
«Бұған дейін жалпы бағыттағы жәрмеңкелер жиі өтетін, ал IT саласына арналған мұндай шараны бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі шараға 15-тен астам компания қатысуда. Олардың қатарында «Қазақтелеком», «Транстелеком», «Кабельные сети» сияқты ірі телекоммуникациялық мекемелер мен Astana Hub резиденттері бар», – деді Дамир Мінайдаров.
Жәрмеңкеде жастар компания өкілдерімен тікелей тілдесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кейбірі түйіндемесін ұсынып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі IT нарығында жұмыс берушілер тек дипломға ғана емес, маманның нақты дағдыларына, тәжірибесіне және жаңа технологияларды меңгеру қабілетіне де мән береді. Қостанай өңірінде жасанды интеллект инженерлері мен IT мамандарына сұраныс жоғары. Жәрмеңкеге қатысқан компаниялардың бірі телекоммуникация және IT саласында 26 жылдан астам тәжірибесі бар «Транстелеком» АҚ-ның Қостанай филиалы.
Компания бастапқыда интернет пен байланыс қызметтерін ұсынуға басымдық берсе, бүгінде қызмет аясын кеңейтіп, заманауи IT-қызметтерді де белсенді дамытып келеді. Қазіргі таңда компанияның корпоративтік сату бөлімінде жан-жақты менеджер лауазымына бос жұмыс орны бар. Қостанай филиалының сату бөлімінің басшысы Әйгерім Аманжолованың айтуынша, компанияға IT саласын түсінетін, адамдармен еркін қарым-қатынас орната алатын және белсенді жастар қажет.
«Біздің бөлімге IT саласын түсінетін, қарым-қатынас жасаудан қорықпайтын, жан-жақты әрі белсенді жас мамандар керек. Жұмыс өте қызықты, ал еңбекақы мөлшері де тартымды. Бұдан бөлек, нәтижелі жұмыс үшін KPI жүйесі мен бонустар, сыйақылар қарастырылған», – дейді ол.
Компания қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына да көңіл бөледі. Ұжымдық шарт аясында балалары бар қызметкерлерге мерекелерде және оқу жылына дайындық кезінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Мәселен, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне және мектепке дайындық кезеңінде әр балаға 45 мың теңге көлемінде көмек беріледі.
«Қазіргі жастардың бойында тәуелсіздік пен еркіндік басым. Дегенмен, кейде сабырлық пен тұрақтылық жетіспей жатады. Кез келген жаңа жұмыста 1-3 ай көлемінде бейімделу кезеңі болады. Сәл қиындыққа немесе ұжымдық түсініспеушілікке шыдамай, бірден жұмыстан кетіп қалатындар бар. Кез келген істе нәтижеге жету үшін сәл шыдамдылық пен тұрақтылық қажет», – дейді ол.
Қостанай облысында жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар тек жеке компаниялармен шектелмейді. Жәрмеңке барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілі Айдана Ғабитқызы да жастарға мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік қызметте IT, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету бағыттары бойынша бос жұмыс орындары бар.
«Егер түлектердің оқу үлгерімі жоғары болып, GPA көрсеткіші 3.33-тен асса, олар үшін конкурссыз-ақ мемлекеттік қызметке тағайындалу мүмкіндігі бар. Өкінішке қарай, көптеген жастар бұл туралы біле бермейді. Жыл басынан бері осы мүмкіндікті пайдаланып, 40-тан астам жоғары оқу орнының түлегі мемлекеттік қызметке орналасты», – дейді Айдана Ғабитқызы.
Бұдан бөлек, студенттер мен түлектерге мемлекеттік органдарда өндірістік практикадан өтуге және «Мансап» порталы арқылы бос жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік қарастырылған. Департамент өкілдері жастарды ақпараттандыру үшін жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып, өзекті бос орындар туралы ақпаратты мессенджерлер мен телефон арқылы да таратып келеді.
Жалпы, IT Job Fair секілді кездесулер жұмыс беруші мен жас маман арасындағы байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Бір тарап өзіне қажетті кадрды іздесе, екінші тарап еңбек нарығындағы талаптарды біліп, өз мүмкіндігін тікелей көрсетуге жағдай алады.
Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген жастың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4-курс студенті Жүзім Деріпсалдина IT Job Fair-ға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Оның айтуынша, өткен жылы да осындай жәрмеңкелерге барған. Алайда биылғы шараның форматы өз мамандығына жақынырақ болғанын айтады.
«Былтыр да жәрмеңкелер болды, ол кезде «Алюминстрой» сияқты әртүрлі зауыттар мен кәсіпорындар келген еді. Ал биылғы жәрмеңкенің ерекшелігі дәл біздің мамандығымызға бағытталған жаңа IT-компаниялар мен жаңа бағыттардың өте көп болуы. Осы арқылы өзіміз оқып жатқан бағыт бойынша жұмыс табуға таптырмас мүмкіндік аламыз», – дейді Жүзім.
Арлан Бақытқали, студент

Комментарии