Тіл шеберлері марапатталды
Дата: 29.10.2024 Рубрика: Бери пример!
0
42
0
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен үш тілді қатар меңгерген жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында дәстүрлі «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Мэлс Бейбітұлы Әбдірахманов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға әр өңірден келген 15 үміткер қатысты. Үш кезеңнен тұратын іс-шарада қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейлерін көрсетіп, түрлі тапсырмалар орындады. Қазылар алқасы қатысушыларды шет тілінде сөздердің дұрыс айтылуы, жауаптардың толық және мазмұнды болуы мен берілген уақытын дұрыс пайдалануын есептей отырып, жеңімпаздарды анықтады.
3 – орынды Станкина Аяжан Тимуровна Ұзынкөл ауданынан, Вакуленко Владислав Васильевич Бейімбет Майлин ауданынан иеленсе,
2 – орынды Жарысова Данагуль Ануарбековна Федоров ауданы, Михайлюк Владимира Александровна Рудный қаласы,
1 – орынды Туретбаева Ақмарал Адилбековна Меңдіқара ауданынан иеленді.
Комментарии