Тіл мәртебесі биік
Дата: 29.10.2024 Рубрика: Бери пример!
0
37
0
«Киевский» кітапхана-филиалында «Әртүрліміз, бірақ жақынбыз. Мәдени тұтастық» тақырыбындағы «Ғажайып алаң» қызықты ойын өткізілді, ол Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналып ұйымдастырылды.
Кітапханашы тойдың шығу тарихы, туған халқымыздың тағдыры мен тілін қорғауға бүкіл өмірін арнаған А.Байтұрсынұлының қызметі туралы айтып берді. Ол қазақ алфавитін, графикасын, құрылымын және орфографиясын жасап, ұрпақтарына мұра етіп қалдырды.
Іс-шараға барысында, нағыз телевизиялық шоудай, әйгілі ойынның символы болып табылатын секторлармен қамтылған барабаннегізгі атрибут болды. Ойыншыларды үш тур бойынша іріктеу кезінде оқырмандар беларусь және украин жұмбақтарын шешіп, ұсынылған сөздер арасынан қазақша үндес татар сөздерін тапты. Ең қиын кезең супер ойын болды. Дегемен, олар қиындықты жеңіп, Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған Бөгенбай батырдың атын тапты.
Комментарии