Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білім жарысында үздік атанды

Дата: 22.10.2024 Рубрика: Бери пример!
5
0
Білім жарысында үздік атанды
Астана қаласында еліміздің тарихында алғаш рет дүниежүзі тарихынан республикалық олимпиада өтті. Олимпиада еліміздің әр аймағынан ғылымға құштар оқушыларды жинап, олардың тарих саласындағы білімін сынауға мүмкіндік берді. Олимпиадаға 1400-ден астам оқушы қатысты, ал ақтық кезеңде 30 үздік оқушы бақ сынасты. Олимпиаданың финалдық кезеңінде 6 оқушы 2025 жылы Парижде өтетін халықаралық Тарихи олимпиадаға іріктелді. Солардың ішінде Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің үш оқушысы бар. Олар 9 сынып оқушысы Даниал Клышев (жетекшісі Дамир Исиргепов) ІІІ орынға ие болды. 10 сынып оқушысы Айдос Әмірғали (жетекшісі Айман Дуйсекова) және 11 сынып оқушысы Дмитрий Горжанов (жетекшісі Әйгерім Хайдарова) ІІ орын иегерлері атанды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Respublica партиясы Орталық аппаратының басшысы Жанат Ысқақов, Мәжіліс депутаты Айтуар Кошмамбетов және АҚШ-тан келген халықаралық Тарихи олимпиаданы ұйымдастырушылар өкілі Дэвид Мадден қатысты. 
Бұл олимпиада оқушылардың білім деңгейін халықаралық стандарттарға сай бағалап, тарихи білімге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылар болашақта осындай білім сайыстарының санын көбейтуді және олардың деңгейін одан әрі көтеруді жоспарлап отыр. Айта кету керек, олимпиада ағылшын тілінде өтті.
--

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!