Білім беру платформасын құруда
Дата: 01.10.2024 Рубрика: Бери пример!
0
184
0
Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің студенттері геймификация элементтерімен білім беру платформасын құру бойынша жұмыс істеуде. Олардың ғылыми жетекшісі – жас маман Асылхан Сүлейменов, ақпараттық пәндердің оқытушысы, IT бағыттағы педагогтар арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпазы.
Платформада студенттер пәнді, дәрістерді оқуға, бейне материалдар қарап, тапсырмалар орындауға, тақырып бойынша тестілеуден, рефлексиядан өтуге мүмкіндік алады.
– Бүгінгі күні платформа тестілеу режимінде жұмыс істеп жатыр, алайда оның бірегей ерекшелігі студенттерді оқу процесіне белсенді тартатын командалық режим болады деп есептеймін, – дейді Асылхан Сүлейменов.
Бұл режимде студенттер командаларға бөлінеді, әр қатысушы тапсырманы орындай отырып, 100-балдық жүйемен балл жинайды және ол команданың жалпы ұпайына қосылады. Платформаның қызықты элементі – әр командада виртуалды кейіпкердің болуы. Студенттер командалық ұпайларды кейіпкерді жақсартуға жұмсай алады, оның әртүрлі дағдыларын дамыта алады. Кейіпкерлерді бір-бірімен салыстыру студенттерге жарыс элементін және мотивация береді. Платформада оқытушылар процесті ыңғайлы басқару тақтасы арқылы басқарады, ал студенттер авторизациядан кейін курстарға қол жеткізе алады. Платформа оқуды геймификация элементтерімен біріктіреді, бұл студенттердің белсенділігін арттыруға және оқу процесін қызықты әрі тиімді етуге көмектеседі.
Әдел Серік,
оқушы
Комментарии