Тамыры терең тарих
Дата: 27.08.2024 Рубрика: Бери пример!
0
346
0
Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен домбыра еске түседі. Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар.
Түрлі зерттеулерге сүйенсек, домбыра мен өзге халықтардың осы тектес аспаптары сонау орта ғасырларда белгілі болған. Мысалы, әл-Фарабидің еңбектерін оқысаңыз, тамбур аспабы жайлы кездеседі. Өзбектердің домбыраға ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» трактатында айтылды.
Археологиялық қазба жұмыстары, тасқа түскен ескерткіштер домбыраның ежелгі түркі дәуірінде пайда болғанын көрсетеді. Алғаш домбыраның шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады.
Жітіқара Тілдерді оқыту орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы” КММ тәрбиеленушілерімен “Нағыз қазақ – домбыра!” атты танымдық ойынын өткізді.
Танымдық ойын барысында қазақтың ұлттық аспабымен мұқият танысып, пазл жинады, сонымен қатар қызықты ойындар ойнады. Сабақ соңында балалар тіл үйреніп, ана тіліміздегі түрлі мақал-мәтелдерді де жатқа айтты. Оларға тәттілер берілді. Қазақтың ұлттық аспабы туралы білмеген мәліметтерін толықтырғандарын ойларын қазақша жеткізіп, балалар көтеріңкі көңіл күйде болды.
Т. Медетбаева
Комментарии