Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Мағжан оқулары» атты байқау

Дата: 27.08.2024 Рубрика: Бери пример!
278
0
«Мағжан оқулары» атты байқау
Ұзынкөл аудандық тілдерді оқыту орталығында жыл басынан балаларға арнаған іс-шаралар өткізіліп тұрады. Соның ішінде Ілияс Жансүгіровтің, М.Жұмабайұлының 130 жылдығына орай аудандық байқаулар өтті. Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздары Мағжан Жұмабайұлы, Ілияс Жансүгіровтің ақындық талантын балалардың жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту, тілдік қорды молайту мақсатымен ұйымдастырылды. 
Осы байқауларға ауданымыздағы 12-мектептен 7-11 сынып аралығында оқушылар қатысты. Қатысушылардың оқу мәнерін, сахналық шеберлігіне әділқазылар алқасы әділ бағасын берді. Сонымен қатар байқауда оқушылар ақынның өлеңдерін нақышына  келтіріп оқыды. Жалпы байқаудың  қорытындысы бойынша айтатын болсақ, «Мағжан оқулары» атты байқауда  І-орын «Пресногорьков жалпы білім беретін мектебі» Жақыпова Алина, ІІ-орын «№2 жалпы білім беретін мектебі» Сартаева Дияра және «Новопокров жалпы білім беретін мектебі» Вазарцев Матвей, ІІІ-орын «Куйбышев орта мектебі» Түлеген Айару және «Пресногорьков жалпы білім беретін мектебі» Смирнова Екатерина иелесе, «Ілияс оқулары» атты байқауда  да Бірінші орынды Пресногорьков оқушылары Алина Жакупова мен Екатерина Смирнова алса, 2 орынды №2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушылары Айнур Турегелдина мен Камила Альдикенова иеленіп, 3 орынды Киев жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ольга Мухоед қанжығасына байлады. 
Жалпы байқауға қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
Ұзынкөл ауданының Тілдерді оқыту орталығы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!