Сөз құдіретін игерген
Дата: 25.06.2024 Рубрика: Бери пример!
0
169
0
Байқау «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында өтіп, дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылды. Байқаудын такырыбы: «Мектебім менің мектебім». Байқау шығармаларын таңдау мектеп туралы жазатын қазакстандық авторлардың (қазіргі және классиктердің) көркем әдебиеттерімен шектелді. Байқауға жасөспірімдерге арналған шығармаларды және жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармаларды таңдау құпталды.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: жасөспірімдердің қазақстан әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, оқырмандар арасында көркем әдебиетті оқуды насихаттау, оқитын балалардың мәртебесін арттыру, көркем сөз жанрын меңгерген талантты орындаушыларды анықтау, қолдау және ынталандыру.
XI Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет баскармасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткізілді. Бұл байқауға 19 оқушы қатысты. Арқалық қаласынан кітапханамыздың белсенді оқырманы Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің 6 «Б» сынып оқушысы Омарова Тұмар қатысып, Әдібай Табылдының «Намыс» шығармасындағы кейіпкерлердің бейнесін сомдады.
Байқау барысында Тұмардың сөйлеу мәнерлілігі мен айқындылығы, актерлік шеберлігі және сөйлеу кезінде аудиторияның назарын аудара білуі ерекше көзге түсті. Ең көп ұпай жинап, жүлделі II орынға ие болған Омарова Тұмар мақтау қағазы және арнайы сыйлықпен марапатталды.
Сандуғаш Қазыбекқызы,
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі
Комментарии