«Бірлік – береке бастауы»
Дата: 25.06.2024 Рубрика: Бери пример!
0
184
0
Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік – береке бастауы» атты мектеп кітапханасында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға 3-5 сынып оқушылары қатысты. Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналарынан хабардар ету мақсатында өткізілген іс-шарада оқушылар халықтар достығы, ынтымақ тақырыбында өз ойларын ортаға салды.
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі екені жайлы түсіндіріліп, тақырып аясында деректі фильмдер көрсетілді. «Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» - дейді халық әпсанасы, «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген де қазақтың дана сөзі бар. Шындығында, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі экономикалық-әлеуметтік салаларындағы тұтас жетістіктері тек бірліктің, сол бірлік арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды.
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130 - дан артық ұлыс өкілдерінің ортақ Отанына айналды. Сондықтан «Береке бастауы - бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мейрамының орны ерекше. Түптеп келгенде, бұл мереке елдің бірлігін одан сайын нықтап түсіп, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашары сөзсіз.
М.Оспанова,
Кейкі батыр атындағы №4 мектеп кітапханашысы
Аға тәлімгер Г.Бөлтірікова
Комментарии