Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ірімшіктің пайдасы

Дата: 28.05.2024 Рубрика: Бери пример!
203
0
 Ірімшіктің пайдасы
Ірімшік – сүтті өңдеуден өткізу арқылы алынатын ең жоғарғы колориялы сіңімді тағам. Ірімшік сиырдың ешкінің және қойдың сүтінен жасалатын тағам.
Дайындау кезінде бірнеше кезеңдерден өтеді, нәтижесінде дайын өнім сүтпен салыстырғанда дәмі нәрлігі жағынан өте құнды қасиеттерге ие болады. Ірімшіктің нәрілік құндылығы құрамындағы ақуыз 25 пайызға майлылығы 30 пайызға және амин қышылы калций ,фосфор тұздары қоспалар ерекшеленеді. Ірімшік барлық жастағы адамдар үшін пайдалы. Оның құрамындағы нәрлі заттарды адам организмі 98 -99 пайызға жуық сіңіреді. Ірімшіктің коллориялығы 2500 ден – 4500 ге дейін ккал болады. Олар толығымен адам организміне сіңеді.
Ірімшік  сапасы әртүрлі факторларға тәуелді, ең алдымен, ол қолданылатын шикізат — сүтке байланысты. Ірімшік өндіру үшін қолданылатын  сүтке кальций хлориді ерітіндісін қосады, ол сүттің мәйекті ферментпен ұйытылуын жақсартады.  Дайындалған сүтті 33°С температураға дейін қыздырады да, ашытқы қосады, ал кішкенеден кейін мәйекті фермент қосады. Оның әсерінен сүтте үю процесі жүреді, оның ұзақтығы шикізат түріне байланысты 25—90 мин-қа созылады. Ұйытындыдан сарысудың артық мөлшерін алып тастайды, белгілі бір типті және сапалы ірімшік алу және ары қарай өтетін биохимиялық процестер жүру үшін қажет сарысу мөлшерін қалдырады. Сарысу сонымен бірге сүт қанты көбірек жойылса, ірііімшік жетілудің микробиологиялық процестері баяу жүреді. Ұйытындыны механикалық пышақтармен кеседі, нәтижесіңде сыр дәндері — жұмсақ ақуыз түйірлері түзіледі.
Ірімшік  түрлері.  Әлемде бес жүзден астам ірімшік түрлері бар. Соның ішінде мен өзім толық бақылап көрген ірімшіктерім қазақтың ақ ірімшік ,қызыл ірімшік, мәйек ірімшік, Голланд ірімшік,  жұмсақ ірімшік, Ресей  ірішігмі, Швейцар ірімшігі, балқытылған ірімшік.Ірімшіктің қышқыл дәмі, өзіне тән хош исі болады.Тұздалған ірімшіктер қой және сиыр сүтінен, сондай-ақ қой мен сиыр сүтінің қоспасынан жасалады. Тұздалған ірімшіктер (пісіру және сақтау процесі кезінде оларды тұздыққа салады). 
Балқытылған ірімшіктер қатты және жұмсақ ірімшіктерден, сүзбеден, сиыр майынан т. б. сүт өнімдерінен өңделіп жасалады. Кейбір балқытылған ірімшіктерді дайындау кезінде, сондай-ақ әртүрлі қоспалар (томат, қақталған балық және т. б.) мен дәмдеуіштер (бұрыш, зире және т. б.) қолданылады. Басқа ірімшіктермен салыстырғанда, балқытылған ірімшік сіңімділеу келеді. Негізгі шикізат түрлеріне, олардың химиялық құрамы мен өндіру технологиясына байланысты.
ІріІмшік – қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ішіндегі ежелгі, ең көп тараған және адам ағзасы үшін аса маңызды тағам. 
Айсана Жұрынбек,
Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің 
3 сынып оқушысы.
Жетекшісі: Гүлмира Көшекова.
Амангелді ауданы, Үрпек ауылы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!