Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Талапты оқушылар

Дата: 21.05.2024 Рубрика: Бери пример!
95
0
Талапты оқушылар
«Абай оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі Абай мектебінде болды.
Қостанай қаласы білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Абай атындағы мектебінің ғимаратында «Абай оқулары» республикалық байқауының І қалалық  кезеңі өтті. Сахна шымылдығы «Жастар» күйімен ашылды. Ары қарай Құнанбай мен Абай арасындағы диалогпен жалғасты. Байқауға қатысушыларды мектеп басшысы А.Балтабаева құттықтап, ҚББ әдіскері Ж.Жұмағұлова байқау аталымдары, қазылар алқасымен таныстырды. Байқауға ҚББ әдіскерлері,  «Қостанай дарыны» ӨҒПО орынбасары және әдіскерлері, тәжірибелі ұстаздар қазылық  етті.
Байқау соңында «Абай оқуларын» ұйымдастыруда белсенділік танытқан мұғалімдер қалалық білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Алты бөлім бойынша жүлделі І орын алған жүлдегерлеріміз мамыр айында болатын облыстық «Абай оқулары» байқауына жолдама алды. 2000 жылдан өтіп келе жатқан «Абай оқулары» байқауына сексенге жуық оқушы қатысты. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!