Қызықты марафон
Дата: 23.04.2024 Рубрика: Бери пример!
0
80
0
Биыл үшінші тоқсандағы каникул мен үшін ерекше өтті. Өйткені, сыныптастарыммен жарысып кітап оқыдық. Бізге сынып жетекшісі Шолпан апай «Каникулда кітап оқимыз» марафонына қатысуға шақырды. Апайымыздың бұл ұсынысын бәріміз де құп алдық. Алдымен, сілтеме бойынша тіркеліп, ағартушы жерлесіміз Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шағын шығармаларын жүктеп алдым. «Жаман жолдас», «Жамандыққа жақсылық», «Салақтық» әңгімелері ұнады, маған ой салды.
Онан кейін Бердалы Рысбековтың «Бердалы атадан базарлық» кітабын жүктеп алдым. Сөйтіп бірнеше-ақ күнде оқып бітірдім. «Екі бала және қайырымдылық», «Көпір» әңгімелері шыныменде қызықты. Маған түрлі ой салды. Шығармалардың дені өтірік айтпауға, ұрлық жасамауға, білім алуға үндейді.
Бос уақытымда кітап оқыған ұнайды. Кітап – біздің жақын досымыз. Ақылшы досымыз десек те болады. Біз кітаптан тәрбие, білім аламыз. Мен достарыма, сыныптастарыма кітапты көп оқу керек деп кеңес беремін.
Айзере ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ,
Қостанай қаласы №24 бастауыш мектеп-гимназиясының
2 «А» сынып оқушысы
Комментарии