Менің сүйікті кейіпкерім
Дата: 23.04.2024 Рубрика: Бери пример!
0
163
0
Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткен ролді ойын «Менің атым Қожа» деп аталды. Ұйымдастырушы мекеме Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖ кітапханасы.
Рөлдерді белсенді талдап, ой елегінен өткізу және ойнау үшін балалар Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын алдын ала оқып, жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген жазушының шығармашылығы туралы «Ересектер мен баланың сүйіктісі» презентациясын тамашалады.
«Менің атым Қожа» шығармасы барлық уақытта өзекті болған - достық, ізгілік, алғашқы балалық ғашық болу, адалдық, әділдік туралы. Осы шығарма жазушыға үлкен даңқ әкеледі. Алғаш рет «Детская литература» баспасында жарық көрген, кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, Францияда, Польшада, Чехословакияда, Болгарияда және т. б. шетелдерде басылған шығарма қазақстандық оқырмандардың жүректерінде ұмытылмастай орын алды.
Қазақ жазушысының әңгімесі өзінің танымалдығы мен терең мағынасының арқасында баспа басылымдарымен ғана тоқтап қалмай, повесть желісімен фильм түсірілді.
Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларында көп нәрсе өмірден алынған, сондықтан да оны оқи отырып, сол жылдардағы құрдастарының өміріне ену өте қызықты. Міне біздің де оқырмандар оқиғаны оқып қана қоймай, өздерін шығарманың кейіпкерлері ретінде көрсете отырып, шағын пьеса ойнады. Сондай-ақ, балалар кейіпкердің іс-әрекеттерін талқылап, бас кейіпкер Қожаның әртүрлі өмірлік жағдайлардан оңтайлы жол таба білгені қызықтырды.
Комментарии