Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Сәуір айы кітаптың туған күні

Дата: 23.04.2024 Рубрика: Бери пример!
98
0
Сәуір айы кітаптың туған күні
2-сәуір Балалар кітабы күні. «Кітаптың туған күні» шарасы Халықаралық  балалар кітабы күніне орайластырылады. Бұл айтулы мереке барша әлем бойынша тойланып келеді. Халыаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын дат жазушысы Г.Х.Андерсеннің туылған күніне орай,  сәуір айының 2-де атап өтіледі. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланып, жазушылармен кездесулер өткізіледі.
Осы туған күнге орай біздің кітапхана өзінің жас оқырмандарына балалар мен жасөспірімдер кітабының апталығын атап өтуде. Апталықтың ең алғашқы күні әйгілі дат ертекшісі  Г.Х.Андерсеннің туған күнінде «Кітап мерекесі немесе жалғасы бар оқиға» атты салтанатты ашылуы өтті. Алда біздің оқырмандарымызды белгілі жазушылар А.Шаяхмет, Н.Рунде,  А.Суслова және иллюстратор Н.Коровинамен кездесулер күтіп тұр.
З.Кенжеғарина, кітапханашы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!