Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жүлделі оқушылар

Дата: 09.04.2024 Рубрика: Бери пример!
125
0
Жүлделі оқушылар
            Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарына енді. Бұл біздің өңірдегі білім саласындағы республикалық олимпиадада георграфия пәнінен алғашқы алтын медаль болып отыр. Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
            Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, мектеп қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің оқушылар жүлделі орындарға ие болып, алтын және қола медальдармен марапатталды. Мектеп намысын қорғаған оқушылар арасынан суырылып алға шығып  география пәнінен Андрей Енбахтов – 1 орынды, информатика пәнінен Александр Ершов 3 орынды иеленді. Жүлдегерлерді мектеп ұжымы қошеметпен күтіп алып, жылы лебіздерін білдірді.
            «Андрей оқушы ретінде өзінің жан-жақтылығымен мен ерекше дарынымен көзге түсті. Біз бұл жарысқа ұзақ уақыт дайындалдық. Еңбегіміз ақталып, жемісін көріп отырмыз. Ол осы жылы республикалық олимпиада да өз сыныбында 9 қатысушының ішінен үздік деп танылған болатын», – дейді жаттықтырушы, география пәнінің мұғалімі Алмас Садуақасов. Баларының жеткен жеңісіне ата-аналарда дән риза. Ата-аналар балаға қолдау білдіріп демесе, талай биік шыңдарды бағындыруға болатынын айтады.
            «Республикалық деңгейде балаларымыздың жүлделі орын алғанын мақтан тұтамыз. Бұл көптеген жылдар бойы еңбекпен келген жеңіс. Олар әрқашан еңбектеніп, ізденіп келеді. Мектеп оқыушыларының жүлдесі көбейе берсін», – дейді Салтанат Енбахтова.
            Олимпиада да топ жарған Андрейдің қуанышында шек жоқ.
            «Біз бұл жарысқа бір жыл уақыттай дайындалдық. Қобалжу болғанын жасырмаймын. Десе де, өзімнің білімімді көрсетіп, үздік нәтижеге қол жеткіздім. Жаттықтырушыма, ата-анама айтар алығысым шексіз», – дейді алтын медаль иегері Андрей Енбахтов.
            Айта кетейік, география және информатика бойынша республикалық олимпиадаға 300-ге жуық оқушы қатысты.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!