Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Балалар оқудан қалмайды

Дата: 09.04.2024 Рубрика: Бери пример!
131
0
Балалар оқудан қалмайды
            Облыстың оңтүстік өңірлердегі қиын су тасқыны жағдайды бәріміз де біліп отырмыз. Осыған орай халық қолдан келгенше көмек беріп жатыр. Балалар төртінші тоқсанды алаңсыз оқу үшін бар жағдай жасалуда.
            Арқалық қаласының ауылдарынан: Қызылжұлдыз бен Екідің ауылдарынан 79 бала эвакуацияланды. Олар үшін оқу процесі Арқалық қаласының М. Әуезов атындағы № 5 ЖББМ-де ұйымдастырылып, балалар парталарына отырған. Олар үшін кабинеттер, оқулықтар толықтай дайын, тоқсанның алғашқы күнінен бастап тамақтандыру ұйымдастырылды. Мектептің барлық қызметкері балалардың бейімделуіне барынша көмектесіп жатыр. Барлық балалар кеңсе заттарымен қамтамасыз етілді.
            Амангелді, Жангелдин аудандарынан және Арқалық қаласына жақын орналасқан ауылдардан барлығы 740 бала эвакуацияланды, оның ішінде 656-сы мектеп жасындағы бала, 84-і мектепке дейінгі жастағы бала. Су алған аймақтарда 21 мектепте қашықтан оқу ұйымдастырылды: Амангелді аудандарының 12 мектебінде (1783 бала) және Жангелдин аудандарының 9 мектебінде (700 бала).
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!