Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас ақындар додасы

Дата: 09.04.2024 Рубрика: Бери пример!
128
0
Жас ақындар додасы
            Рудный қаласында Ы.Алтынсариннің тұңғыш ашқан мектебінің 160 жылдығына арналған «Ыбырайдың тұңғыш жаққан шырағы» атты «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтті.
            Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған жыр бәйгесіне 14 ақын қатысып, көрермендердің көңілінен шықты. Қазылар алқасының құрамында республикалық ақындар айтысының жүлдегері, Арқалық қалалық мұражайының ғылыми қызметкері Батырлан Сағынтаев, облыстық, республикалық айтыстардың жеңімпазы Ғалымкерей Кенжеғозин, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбыршы Тілеуқабылов болды.
            Ұлт ұстазының ерен еңбегін жас ақындардың жырларына арқау етіп, өлеңмен өрді.
Ақтық айналымға Қостанай мен Арқалық қаласының және Жанкелдин, Бейімбет аудандарының ақындары жолдама алды.
            Жеребе арқылы жұпталған төрт ақын арқаланып, өнер сүйер қауымның жүректерін жаулап алды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені арқалықтық ақын Нұрислам жеңіп алып, 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. 1 – орынды Бейімбет ауданының жас ақыны Әлинұр Дәуірбек иеленіп, 80 мың теңге егесі атанды. 2 – орынды Жанкелдин ауданының дарынды ақыны Таңжарық Ниябек иемденіп, 60 мың теңге ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. 3 – орынды Дінасыл Бақытбек алып, оған 40 мың теңге берілді. Арнайы жүлдені Арқалық қаласының ақыны Нұрболат Төлеу қанжығалап, 30 мың теңге еншісіне бұйырды. Сонымен қатар Рудный қалалық мәдениет басқармасының басшысы Жанат Қазыбекқызы жас ақындардың жетекшілеріне алғыс хат тапсырды.
            Рудный қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!